Қазақстанның алты өңірінде 638,8 мың га астық алқабы жиналды. Егін жинау науқаны Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан, Абай, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Шығыс-Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Шымкентте басталды. Елдің барлық өңірінде жаппай егін жинау тамыздың үшінші онкүндігінде басталып, қарашаға дейін жалғасады. Орташа өнімділік гектарына 14 центнерді құрап, 1079,6 мың тонна астық бастырылды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.