Астанада қазақ-ауған іскерлік форумы аясында Ауғанстан делегациясы бизнес өкілдерімен және мемлекеттік, квазимемлекеттік ұйымдармен B2B, B2G форматында кездесулер өткізді. Екіжақты келіссөздердің қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мен Ауғанстанның өнеркәсіп және сауда министрі Нуриддин Азизи ниеттер туралы хаттамаға қол қойды, деп хабарлайды ҚР Сауда және интеграция министрлігі.