Abu Dhabi Ports компаниясымен (Simatech Shipping & Forwarding атындағы AD Ports Group бөлігі саналады) бірлескен кәсіпорынды іске қосу Қазақстанға Парсы шығанағы, Таяу Шығыс, Пәкістан, Үндістан және Шығыс Африка жағалауындағы елдер нарықтарына елімізден экспортталған жүктерді жеткізудің ең қысқа тікелей жолын құруға мүмкіндік береді. Оны құру перспективаларын өткен аптада Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин және Simatech Shipping & Forwarding (ADP тобына кіреді) басшысы Давуд Тафти талқылады, деп хабарлайды ҚР Сауда және интеграция министрлігі.