Астанада ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Қоғамдық кеңесінің отырысында интернет сапасы мен елді байланыспен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Отырысқа Қоғамдық кеңес төрағасы Андрей Беклемишев бастаған ұйым мүшелері, ҚР ЦДИАӨМ және байланыс операторларының өкілдері қатысты.