ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің жанынан студенттерді жатақханалардағы орындармен қамтамасыз ету бойынша ахуалдық орталық құрылды. Бұл туралы министр Саясат Нұрбек жоғары оқу орындары ректорларының қатысуымен өткен кеңейтілген алқа отырысында мәлімдеді.