Биыл 1 тамыздағы жағдай бойынша 2021-2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 444,2 мың адам қатысты. 300,6 мың адам жұмыспен қамтылып, оның 152,2 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.