Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы өскен жоқ. Үкіметте Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте осы нәтижелер мен алдағы күнтізбелік жылға арналған қорларды қалыптастыру процесі қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz.