2023 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде Қазақстанның барлық өңірлерінен 38,8 мыңнан астам өтінім қаралды, бұл куәландырудан өткен мүгедектігі бар адамдардың жалпы санының 26,1%-ын құрайды. Қазіргі уақытта жобаға 740-тан астам медициналық ұйым қосылған, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.