ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың төрағалығымен, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйым өкілдерінің қатысуымен өткен жиында Мемлекет басшысының мемлекеттік реттелетін бағаларды белгілеу кезіндегі сыбайлас жемқорлықты жою, сондай-ақ заңсыз алынған кірістерді өтеу жөніндегі тапсырмаларын іске асыру мәселелері қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz.