Тамыз кеңесіне қатысушылар мектепке дейінгі оқыту, ауыл мектебін дамыту, инклюзивтік және арнайы білім, білім технологиялары, балаларды тең қолдау мүмкіндіктерін құру және жалпы жайлы жағдайлар жасау, мектепте тамақтануды ұйымдастыру, қауіпсіз оқу ортасы және т.б. мәселелерді талқылайды. Пленарлық отырыста Премьер-Министрдің орынбасары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова және оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев білім саласын дамытудың басымдықтары туралы хабардар етті.