2022 жылы Еңбек министрлігі желісі бойынша шамамен 14 млн қызмет көрсетілді, оның ішінде 10-11%-ы –проактивті форматта. ОКҚ алаңында өмір сүру сапасын жақсарту, мемлекет, бизнес және азаматтар арасында жаңа әлеуметтік келісімшартты қалыптастыру мәселелері бойынша өткен дөңгелек үстелде Еңбек ресурстарын дамыту орталығының президенті Дәулет Арғындықов осындай мәліметтерді келтірді.