Жоба бойынша кэшбэк мөлшерін туристердің қанша күн демалғанына байланысты белгілеу ұсынылады. Мәселен, 1 түнеген туристке тур құнының 5%-ы мөлшерінде өтемақы төлеу ұсынылады. Ал, 2 күн демалып, түнесе тур құнының 10%-ын, 3 күн түнесе 15%-ын қайтарып алады. Ең жоғары – 20% кэшбэк 4 және одан артық күн демалғандарға беріледі, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі.