Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қорғаныс ведомствосы мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп мерзімді қызмет әскери қызметшілерінің және олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған мерзімді әскери қызметтің беделі мен тартымдылығын арттыру бойынша жұмысты жүргізуде. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында ҚР Қарулы Күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы генерал-майор Бауыржан Артықов оның нәтижелері туралы баяндады.