«Жолаушылар тасымалы» АҚ паркі отандық зауытта шығарылған жаңа жолаушылар вагондарымен толықтырылды. Вагондар заманауи талаптарға сай келеді. Атап айтқанда, кондиционер, ауаны тазарту сүзгілері, датчиктер, тамбурлардағы бейнебақылау жүйесі, электр розеткаларымен қамтамасыз етілген, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.