Астық жинаудағы ауа райының қолайсыздығына қарамастан, күтілетін көлем елді нан, ұн, макарон және басқа да өнімдермен толық қамтамасыз ету үшін жеткілікті болады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді.