ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев сингапурлық «Surbana Jurong Group» компаниясының бас директоры Шон Чао мырзамен кездесті. Тараптар электр энергетикасы, жаңартылатын энергия көздері, көлік инфрақұрылымы, сумен жабдықтау саласындағы ынтымақтастық бойынша өзекті мәселелер талқыланды, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігі.