Амангүл Сарыбаева Ханчжоудағы Азиадаға келген медициналық штабта қызмет етеді. Спорттық медицина және оңалту орталығының дәрігері 19 жыл бойы Қазақстанның ұлттық құрамасымен бірге Олимпиада, Азиада және Әлем біріншілігі сынды маңызды жарыстарға барған. Биылғы құрлық біріншілігінде дзюдошыларды жарысқа дайындап жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі.