Қазақстан командасы Ханчжоуда өткен XIX Азия ойындарында алғашқы алтын медаль жеңіп алды. Стенд атудан скит бағдарламасы бойынша сынға түскен әйелдер құрамасы Әсем Орынбай, Зоя Кравченко, Ольга Панарина чемпион атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі.