ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Германияға жұмыс сапары барысында Siemens Energy компаниясының өкілдерімен кездесіп, компанияның Қазақстандағы ірі энергетикалық жобаларға атсалысу мүмкіндігін талқылады. Бүгінгі таңда Қазақстанда электр энергиясына деген орта мерзімді сұранысты қамтамасыз ету үшін энергия өндірудің жаңа көздерін жаңғырту және іске қосу бағытында жобалар жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.