Қазақстанда жылу көздері мен инженерлік желілерді кешенді жаңғыртуды жүзеге асыру үшін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы іске асырылып жатыр. Бұл ретте әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтар коммуналдық қызметтер бағасының өсуінен қорғалған. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова айтып берді, деп хабарлайды Primeminister.kz.