2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын өз қаражаты есебінен 2024 жыл мен 2028 жыл аралығында кезең-кезеңімен 1,5%-дан 5%-ға дейін жұмыскерлерінің пайдасына аудару жоспарлануда. Осылайша, зейнеткерлікке шыққан кезде бұл жұмыскерлер қосымша жинақтаушы зейнетақы төлемімен қамтамасыз етілетін болады, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.