ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Үкімет отырысында халықты жұмыспен қамту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. Биыл 9 айдың қорытындысы бойынша 734 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның 50%-ы жастар. Қазақстандықтардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау үшін 5,3 мыңнан астам грант және 4,7 мыңнан астам жеңілдетілген микрокредит берілді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.