Денсаулық сақтау министрлігі кальян тұтынуды реттеу мәселесін 2013 жылы көтерген. Ол кезде аталған темекі өнімдері өте белсенді пайдаланылатын және бұл салада реттеу нормалары жоқ еді. Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметтері зерттеулер жүргізді. Ел аумағындағы қоғамдық тамақтану орындарындағы кальян түтіктерінен, колбалардан шайындылар алынды. Зерттеу нәтижелері бойынша, алтын стафилококк, көкіріңді таяқша, зең саңырауқұлақтары бактериялары мен жұқпалы аурулардың өршуіне алып келетін ашытқы бактериялары анықталған. Бұл қорқынышты мәліметті ҚР ДСМ медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Гүлнара Сәрсенбаева еске салды.