Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 2025 жылы Қазақстанда қалалар мен ауылдардағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, шаруа, фермер қожалықтары, жеке қосалқы шаруашылықтар, сондай-ақ бау-бақша және саяжай кооперативтерінің толық санағы өткізіледі. Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен Үкіметте өткен кеңесте ауқымды іс-шараға дайындық барысы талқыланды, деп хабарлайды Primeminister.kz.