Қазақстанның Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамы (GIZ) «Орталық Азиядағы су ресурстарын климаттық әсерді ескере отырып басқару» өңірлік бағдарламасын іске асыру туралы шарт жасасты. Құжатқа министр Нұржан Нұржігітов пен бағдарлама менеджері доктор Каролина Милов қол қойды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.