ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен Республикалық үшжақты комиссияның кезекті отырысында Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасының 2030 жылға дейінгі жобасы қарастырылды. Отырысқа орталық және жергілікті органдар, кәсіподақ ұйымы және қоғамдық бірлестіктер, жұмыс беруші мен жұмысшылар конфедерациясының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Primeminister.kz.