Елімізде мерзімді әскери қызметтен кейін азаматтарға тегін білім алу мүмкіндігін беруді қарастыратын «Срочники 2.0» жобасы сәтті жүзеге асырылуда. Орталық коммуникациялар қызметінің алаңындағы баспасөз мәслихатында ҚР Қорғаныс министрлігі Аппаратының басшысы Ербол Құмарбекұлы жоба туралы айтып берді.