Қызылша ауруы Қазақстанның барлық өңірлерінде тіркелді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында мәлім етті. Оның дерегіне сәйкес, қызылшамен ауырудың жоғары деңгейі Шымкент қаласында, Жамбыл және Алматы облыстарында және Алматы қаласында тіркелген.