ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен ерекше қажеттіліктері бар адамдарға инватакси қызметін көрсету үшін такси агрегаторларын пайдалану жөніндегі пилоттық жоба басталғалы Астана мен Алматы қалаларында аталған қызмет 25,9 мың рет көрсетілді. Бүгінгі таңда Астана және Алматы қалаларынан пилоттық жобаға 441 адам қатысуда, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.