2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ға кәсіпкерлік бастамаларды іске асыру үшін жастарға берілетін жылдық мөлшерлемесі 2,5%-дық жеңілдетілген микрокредиттер алуға 7,3 мың өтінім түсті. Биыл жалпы 5 796 микрокредит беру жоспарланған. Қазірдің өзінде 5 205 жоба мақұлданды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.