2023 жылдың басынан бастап 137,1 мың азамат, оның ішінде 38,5 мың жұмыссыз, SKILLS.ENBEK.KZ онлайн кәсіптік оқыту платформасында (Платформа) курстардан өткені туралы сертификат алды. Платформада жалпы 342,8 мың қазақстандық тіркелді, оның 155,8 мыңы 2023 жылы тіркелген, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.