Вице-министр Дархан Ахмед-Заки бастаған қазақстандық делегация Қазақстан-Қытай ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі кіші комитетінің 10 отырысына қатысты. Іс-шара Қытай Халық Республикасының Чунцин қаласында өтті. Қытай делегациясын Қытай Ғылым және технологиялар министрінің орынбасары Чжан Гуанцзюнь басқарды, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.