Ташкентте Қазақстанның сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев пен Өзбекстанның инвестиция, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Кудратов екі ел шекарасында құрылатын «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығының қызметін реттеу туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.