Астанада дәстүрлі V Халықаралық энергия үнемдеу форумы басталды. Аталмыш шара Мемлекет басшысының экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) стандарттарына сәйкес энергия тиімділігінің ағымдағы саясатын айтарлықтай жаңартуға бағытталған «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында өткізіліп отыр, деп хабарлайды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.