Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында жұмыс күші артық өңірлерден қоныс аударушылар, қандастар мен олардың отбасы мүшелері үшін бейімдеу және интеграциялау қызметтерін көрсету бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Оның шеңберінде республиканың солтүстік өңірлерінде бейімделуі мен интеграциялануына және жаңа тұрғылықты жерде қалуға ықпал ететін ақпараттық, құқықтық, әлеуметтік, медициналық және білім беру қызметтері іске асырылатын болады, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.