Қазақстан мен Қырғызстан Жамбыл облысының суармалы жеріне су беру туралы келісімге келді. Бішкекте өткен кездесуде еліміздің мүддесін министр Нұржан Нұржігітов қорғады. Келіссөздер қорытындысы бойынша Талас өзеніндегі «Түйте» каналы арқылы су беруді қалпына келтіру бойынша іс-шаралар атқару туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.