Қарағанды облысының ауылдық елді мекендерінде биыл денсаулық сақтау саласында 14 нысан пайдалануға беріледі. Ал Балқаш және Теміртау қалаларында орталық ауданаралық ауруханалар ашылады. Жалпы бүгінгі күні 92 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңындағы баспасөз конференциясында Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев мәлім етті.