Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектерін жұмысқа орналастыру назардан тыс қалмайды. Ол үшін оқу бағдарламаларында балалардың өзіндік кәсіптік дағдыларын дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңындағы баспасөз конференциясында ҚР Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім беру департаменті директорының м.а. Ақзира Қасымова мәлім етті.