2023 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Германия арасындағы АӨК өнімдерінің тауар айналымы 94 млн долларды құрады. Қазақстаннан Германияға экспорт көлемі 23,5 млн долларды, Германиядан Қазақстанға импорт көлемі 70,3 млн долларға жетті, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.