Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы Үкіметтің бекітуіне желтоқсан айында енгізіледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңындағы баспасөз конференциясында ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлім етті. Сала басшысы аталған құжатта қарастырылған бірқатар шаралар туралы айтып берді.