Трансшекаралық су ресурстарын бірлесіп пайдалану саласында шекаралас мемлекеттермен әріптестік жоғары деңгейде жүзеге асырылуда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңындағы баспасөз конференциясында ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов журналистің сұрағына жауап беру барысында мәлім етті.