Мемлекеттік қызметке іріктеу барысында үміткерлер тапсыратын нормативтік-құқықтық актілерінің саны 9-дан 4-ке дейін азайтылды. Ал іріктеу кезінде азаматтардың сандық және мәтіндік ақпаратпен жұмыс жасау қабілеттілігін бағалауға беріледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңындағы баспасөз конференциясында агенттік төрағасының орынбасары Салауат Мүксімов мәлім етті. Оның айтуынша, жоғарыда аталған қабілеттерін анықтау үшін арнайы тест тапсыру қарастырылған.