Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында тауар айналымын арттыру және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Халықаралық ынтымақтастық аясында Қазақстан мен Қытай кеден қызметтерінің басшылары арасында бірқатар кездесулер өтіп, өзара ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу туралы келісімдерге қол жеткізілді, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті.