2023 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы сауда көлемі 417,4 млн долларға жетті. Бұл көрсеткіш, өткен жылдардың ұқсас кезеңімен салыстырғанда, рекордтық болып табылады, сондай-ақ 2022 жылдың 9 айындағы көрсеткіштен (316,4 млн долл.) 31,9%-ға артық, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі.