Биылғы жылдың мамыр-қазан айларында Қызылағаш, Сарышаған, Оймаша полигондарындағы жару учаскесінде десанттық-шабуылдаушы әскерлерінің инженерлік бөлімшелерімен  бірлесіп, авиациялық құралдарды жою (жару әдісімен) және өртеу жұмыстары жүргізілді, қару-жарақ, зениттік басқарылатын бөліктердің бес жүзге жуығы 100 % жойылды. Жұмыс барысында құрама жасақтардың жеке құрамы қауіпсіздік шараларын бұзған жоқ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңындағы баспасөз конференциясында ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің Бас қолбасшысы Дәурен Қосанов баяндады.