Парламент Мәжілісіндегі пленарлық отырыс барысында ұзақ жылдар бойы журналист болып жұмыс істеген депутат Сергей Пономарев «Масс-медиа туралы» заң жобасына бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерін сақтандыру туралы норманы енгізуді ұсынды. Қазақстанда 5 мыңға жуық БАҚ барын және оның 90% жеке меншік екенін ескерсек, бұл іске асатын бастама ма?