Қазақстандағы Ресей күндері аясында Алматыда «Киноархив: кеңес киносының мұрасы мен дәстүрлері» конференциясы өтті. Шығармашылық индустрия саласындағы ынтымақтастықты талқылау мақсатында ұйымдастырылған жиынға белгілі мәдениет қайраткерлері, музей басшылары, архив қызметкерлері, екі елдің киностудия саласының өкілдері қатысты, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.