ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік органдар жанынан құрылған кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестердің ұсыныстары негізінде 496 кәсіпті қамтитын кәсіптік біліктілікті міндетті және ерікті негізде тану үшін бірінші Кәсіптер тізілімін қалыптастырды. Құжатпен Career Enbek цифрлық платформасында танысуға болады, онда кәсіптік біліктілікті тану орталықтарын аккредиттеу бойынша жаңа функционал іске қосылды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.