Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек елімізде 49 ЖОО-ның педагогикалық бағыттар бойынша лицензиялары бар екенін, онда барлығы 186 мыңнан астам адам білім алатынын мәлімдеді. Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында Педагогикалық жоғары оқу орындарын аккредиттеу стандарты және Жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасы бекітілді, деп хабарлайды Primeminister.kz.