2-5 желтоқсан аралығында Бакуде өтіп жатқан Қазақстанның Әзербайжандағы мәдениет күндері аясында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Әзербайжанның Мәдениет министрі Әділ Кәрімлімен кездесу өткізді. Аида Балаева Қазақстанның мәдениет күндерін өткізуге көмек көрсеткені үшін министрге алғысын білдірді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.